Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Павлодарда коммуналдық қызмет тарифтеріне өзгерістер енгізіліп жатыр

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің өңір бойынша басшысы Тимур Әмірханов мәлім етті.

Павлодарда коммуналдық қызмет тарифтеріне өзгерістер енгізіліп жатыр

Яғни, 2015 жылы облыстың қала және аудан халқына коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар нысандарында 2016-2020 жылдар аралығындағы ұзақ мерзімге жыл сайынғы өсіммен тарифтердің шекті деңгейлері бекітілген.

- 2020 жылғы тариф өсімдеріне келсек, сумен жабдықтау және су тарту тарифтері 2019 жылғы деңгейінде сақталады. Сондай-ақ Екібастұз қаласында жылумен қамту тарифі өзгеріссіз қалды. Облыс орталығы тұрғындары үшін жылу тарифін төмендету бойынша жұмыстар жалғасуда, - дейді департамент басшысы.

Ал «Павлодарэнерсбыт» ЖШС қала тұрғындары үшін 2019 жылмен салыстырғанда тарифті 10 пайызға өсірді. Өзге тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 19 пайызды құрайды.

Департаментте 2018 жылғы тарифтік сметаның орындалуын талдау нәтижелері бойынша енгізілген жылу энергиясын беру және бөлу бойынша «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Ал бұған дейін электр қуатын өндіруші және электр жүйелерін таратушы кәсіпорындарға тарифтерді көтеруге рұқсат берілген. Тарифтерді жоғарылатпаса, инфрақұрылым ескіріп, қиындықтар туындауы мүмкін.

Бұдан тұтынушыларға қиындық туатын еді. Бірақ монополистер кәсіпорындарға инвестиция құйды.

Яғни бұл кезең де аяқталды, енді 2020 жылға қарай тарифтерді көтермеуге мүмкіндік келді деуге  де болар.

 

Павлодар облысы