Президент • 08 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

921 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұр­ғын­дар арасында жаппай төбелес, жанжал болды.

Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.

Мен қаза болған азамат­тар­дың отбасыларына көңіл айтамын. Зар­дап шеккендердің тезірек сауы­ғып кетуіне тілек­теспін.

Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды.

Осыған орай, мен Үкімет комис­сиясын құруды тапсырдым.

Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

Үкімет комиссиясы болған оқи­ғаның себебін анықтайды.

Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болған­дарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады.

Сондай-ақ жағдайды тұрақ­тандырумен айналысады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анық­талып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

Бас прокуратураға, Ұлттық қауіп­сіздік коми­тетіне тиісті тапсырма бердім.

Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.

Мемлекеттік органдарға осы ауыр кикіл­жіңнің салдарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты мыналарды тапсырамын:

Бірінші, Премьер-Министрдің орын­басары Бердібек Мәшбекұлы Сапар­баевтың төрағалығымен Қордай ауда­нындағы оқиғалардың салдарын жою бойынша Үкіметтік комиссия құру.

Алдымен жанжалдың негізгі себеп­терін анықтау керек. 

Әлеуметтік-экономикалық жә­не гуманитарлық сипаттағы мә­селелерді жедел шешуді қамта­масыз ету қажет.

Үкіметтік комиссия Жамбыл облысының әкімімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруы, шығынның көлемін анықтап, зардап шеккендердің меншігін қалпына келтіру жоспарын қабылдауы тиіс.

Барлық қаза тапқандар мен жара­ланғандар­дың отбасына қажетті көмек көрсету керек.

Қазір тұрғындарды тыныштан­дыру маңыз­ды. Бұл жұмысқа беделді адамдар, сондай-ақ Қазақ­стан халқы Ассамблеясы тартылсын.

Екінші. Бас прокурорға Қордай ауданын­дағы оқиғаларды тексеруді ерекше бақылауға алу және бұл үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құру қажет.

Кінәлілер қатаң жазалануы тиіс.

Үшінші. Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті, Бас про­­­куратура қажет­ті тергеу іс-шар­аларын жүр­гізіп, ұлт­ара­лық араздыққа шақыр­ған­­дарды, аран­да­ту­­шы­лық қауесет­тер мен жалған ақ­параттар тарат­қан­дарды жауапкер­шілікке тартулары тиіс.

 Қадірлі отандастар!

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі.

Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған.

Сон­дықтан біз кейбір азамат­тарға, соның ішінде арандату­шы­ларға еліміздің басты құнды­лығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз.

Бұл еліміздегі барша азаматқа ортақ тілек деп санаймын.

Азаматтарды жалған қауесет­терге бой алдыр­мауға, қоғамдық қауіп­сіз­дік­ті қамта­масыз ету жұмы­сын­да құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын.

Мемлекеттік органдар туын­даған мәселе­лерді шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.