Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Қордайда жекеменшік үйлер мен сауда орындары өртке оранды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қақтығыстың дабыры бір күнге жетпей-ақ байтақ елге тарап кетті. Түрлі әлеуметтік желілер арқылы оқиға орнынан бейнетүсірілімдер таратылып, ақпараттар ағыны тасқындады. Бұл мәселенің анық-қанығына жету үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылды.

Қордайда жекеменшік үйлер мен сауда орындары өртке оранды

Еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Масаншы ауылында болған төбелеске 300-ге жуық адамның қатысқанын мәлімдеген болатын. Өкінішке қарай, 8 адам көз жұмып, 40-тан астам адам түрлі жарақаттар алған. Сонымен қатар, ауылда болған жанжал мен нысандарға өрт қою салдарынан 30 жекеменшік үй, 15 сауда нүктесі мен 23 көлік қиратылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ министр Ерлан Тұрғымбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі уақытта 47 адам ұсталғанын және олардың полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеген еді. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.  

 

Жамбыл облысы