Бәсекенің алғашқы күнінде Элизе Мертенс пен Зарина Диас және Исалин Бонавентюре мен Юлия Путинцева кездесті. Бірінші матчта Диас әлемнің 19-ракеткасы Мертенстен жеңілсе, сол күнгі екінші кездесуде Путинцева Бонавентюрені жеңіп, есе қайтарды.
Екінші күнгі бәсекеде Мертенс пен Путинцева және Боновентуре мен Диас күш сынасты. Екі матчта да алаң иелері жеңіс тойын тойлады. Осылайша Бельгия құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, 14-19 сәуір аралығында Мажарстан астанасы – Будапеште өтетін Федерация кубогының финалдық сайысына жолдама алады.