Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Ақылтаевтың ақылды «балалары»

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы мектептердің бірінің қарапайым мұғалімі Дулат Ақылтаев ақылды машиналарға арналған «Қыз қуу» және «Теңге алу» ойындарын жасап шығарды.

Ақылтаевтың ақылды «балалары»

Аталған жобалардың шағын тұсау­кесері қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Осы шараға арнайы жиылған мамандар ұлттық ат спорты ойындарын тақырып ете отырып жасалған қуыршақ роботтарға жоғары баға беріп, екі жобаны алдағы уақытта болатын «RoboLand-2020» халықаралық фестивалінің бағдарламасына енгізді.

«Қыз қуу» және «Теңге алу» ойын­­­дары оқушы балалардың үлкен қызы­­ғушылығын тудырды. Мысалы, кішкентай арба мінген жігіт-робот жолында қаз-қатар тізілген жүл­делі түйіншіктерді әжептәуір жыл­дамдықпен келіп бірінен соң бірін іліп әкетеді. Ал қазақтың ұлттық киіміне малынған қыз-робот басына бөрік, үстіне бешпент киген жігіт-роботтан қаша жөнеледі. Егер қуғыншы жетіп алса, робот «сұлудың» бетінен сүймейді екен, бар болғаны «аттан» түсіріп кете барады.

«Бұл жобаларды жүзеге асыруға тоғыз айдай уақытым кетті. Әлі де болса жетілдіре түсетін тұстары бар. Алдағы уақытта роботтарға арналған «Көкпар» ойыны жобасын жасауды ойластырып жүрмін», дейді №34 орта мектептің ақпарат және робот техникасы пәнінің мұғалімі Дулат Ақылтаев.

Ақылтаев жасаған ақылды маши­налардың болашағы жарқын деген­ді айта­ды мамандар. Ал «RoboLand-2020» х­а­­лықаралық фести­валі – ұлт­тық на­қыш­­тағы жобаның бағын ашар үлкен мүм­кіндік.

 

ҚАРАҒАНДЫ