Сурет: The New York Times
Оскардың 92 жылдық тарихында шет тілдегі фильм тұңғыш рет үздік атанды. «Паразит» жүлдеге ұсынылған 8 ағылшын тіліндегі туындыны артта қалдырды.
Одан өзге фильм «Үздік халықаралық көркем фильм» және «Үздік бастапқы сценарий» номинацияларын жеңіп алды, сондай-ақ туынды режиссері Бонг Чжун Хо «Үздік режиссёр жұмысы» үшін жүлдеге лайық деп танылды.
Оңтүстік кореялық фильм бүгін кино әлеміндегі тарихи сәттердің басты кейіпкері болды десек артық емес.
Осыған дейін ешқандай Оңтүстік кореялық фильм Холлиудтың беделді жүлдесі үшін таласып көрмеген.
Фильм режиссері Бонг Чжун Хо