Әдістемелік құрал балалар мен жасөспірімдердің қатарластарымен, отбасымен, ұстаздармен, үлкендермен қарым-қатынасын жақсартуға көмектеседі. Қазір оқушылар арасында түрлі мінез-құлықтағы, жан-дүниесі сан алуан көп екені белгілі. Жинақта оларға маман ретінде қалай көмек беру болатындығы көрініс тапқан. Кітаптар ағылшын тілінен аударылған. Авторлары әлемге мәлім тәжірибелі психологтар.
Оқу құралдары «Өмірлік дағдыларды қалыптастыру және балалардың әлеуметтік дамуы» жобасы аясында берілді. Оны «Bilim Foundation» (Білім фондэйшн) қоғамдық қоры жүзеге асырып отыр. Ақмола облысына әрқайсысы 17 кітаптар тұратын 524 жинақ табысталды. Оларды мектептерге тарату мақсатында білім басқармасы мен қоғамдық қор арасында келісімге қол қойылды.
– Кітаптың өзінің белгілі бір мақсаты бар. Мысалы, балалардың арасында көптеп кездесетін үрей, стресс, депрессия тәрізді мәселелерді айқын ашып көрсететін құралдардың осындай келеңсіздіктердің алдын алуға әсері мол болмақ. Сондықтан бұл облыстың педагог-психологтарының қажетті құралы-жабдықтары болып табылады,– дейді «Bilim foundation» қоғамдық қорының басқарушы директоры Берік Рақышев.