Қозғалыс шектеулеріне байланысты жолақтардың саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды. Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салынған.
Сондай-ақ шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлау қажеттігі ескертіледі.