Қоғам • 10 Ақпан, 2020

«Біз біргеміз»: елордалық еріктілер 100 отбасыға көмек көрсетті

1624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас қалада «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін қалалық еріктілер қатарына енген Медицина-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазалауға көмектесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз біргеміз»: елордалық еріктілер 100 отбасыға көмек көрсетті

Еріктілер штабы жыл басынан бері акция аясында 100 отбасыға көмек көрсетті. Қазіргі кезде 7 бағыт бойынша  волонтерлерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- «Саулық» жобасы аясындағы медициналық ерікті  – науқасты күтуге көмек көрсету;

- «Таза әлем» жобасы – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету;

- «Асыл Мұра» жобасы – халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тарту; 

- «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған;

- «Білім» жобасы – ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек.

- «Үміт» жобасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыз  туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған.