Жедел медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына шұғыл түрде мамандар тобы және шұғыл медициналық көмек бригадалары жіберілді. 100-ден астам медицина қызметкері мен 36 санитарлық көлік, оның ішінде 2 санитарлық авиация тікұшағы тартылды.
10 ақпандағы мәліметке сәйкес, жаппай жанжал салдарынан 178 адам зардап шекті, 10 адам қаза тапты (8 - оқиға орнында, ауыр жарақат алған 2 адам ауруханада).
Медициналық көмекке 170 адам жүгінді. Өтініш білдіргендердің: 117-сіне амбулаторлық көмек – (102 - ҚР, 15 Қырғыз Республикасында); 53 адамға стационарлық көмек - (43 – ҚР, 10 – Қырғыз Республикасында) көрсетілді.
10.02.2020 жылғы сағат 12.00 жағдай бойынша стационарлық емделуде 41 науқас: Алматы қаласының стационарларында – 25; Жамбыл облысында – 14; Қырғыз Республикасының стационарларында – 2. Оның ішінде: реанимацияда 9 пациент, бейінді бөлімшелерде –түрлі жарақат алған 32 пациент бар. 17 науқасқа ота жасалды.
Айта кету керек, бүгін, яғни, 10 ақпанда Қордайдағы аудандық орталық ауруханада 1 пациентті және Қырғыз Республикасынан 2 пациентті Алматы қаласында тасымалдауға дайындық жүргізілуде.
Пациенттерге медициналық көмектің барлық түрі мен көлемі ТМККК шеңберінде тегін көрсетілетінін атап өту қажет.
Қазір науқастар мамандардың бақылауында және қажетті ем алуда.