Әлем • 11 Ақпан, 2020

«Оскар» жеңімпаздары анықталды

181 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әйгілі Dolby Theatre сахнасында Америка киноакадемиясының көптен күткен «Оскар» жүлдесін тап­сыру салтанаты өтті. Оң­түс­тік­­кореялық режиссер Пон Чжун Хо­­ның «Па­разиттер» картинасы «Үз­дік фильм» номинация­сы бойын­ша озық деп танылды. Ағылшын ті­лі­нен өзге тілдегі картинаның мұ­н­да­й айтулы жүлдеге тұңғыш рет ие болуы да айрықша жа­ңалық болып отыр.

«Оскар» жеңімпаздары анықталды

«Паразиттер» – триллер элементі бар драмалық фор­­маттағы ерекше фильм. Режиссердің өзі айтпақшы, «клоундарсыз комедия немесе залымдарсыз трагедия». Күліп отырып қайғырасың, сөйте тұра зәрең зәр түбіне кетеді. Үмітке алдаусыратқан үрей бір сәт те тынығуға мұр­шаңды келтірместен қуалай береді. Әдемі көрініс пен өмір рақатын сезініп, бой жазып керілетін уақыт емес, қайткен күнде тірі қалудың амалын табу. Бей-берекетке толы тұманды, таласты, тартыс­ты күндер дәл осы күні басын тауға да, тасқа да ұрған адам­­зат басынан өтіп жатыр. Картинада бай және ке­дей отбасылардың мысалы негізінде әлеуметтік тең­сіздік мәселесі көтеріледі. Ал фильм режиссері Пон Чжун Хо «Үздік режиссер» сый­­лығымен марапатталса, көп­шілікті дүр сілкіндірген фильм бұған қоса «Үздік шет­елдік фильм» және «Ерекше сце­нарий» аталымдары бойын­ша жеңімпаз деп танылды.

Барлығы 24 аталым бо­йын­ша табысталған «Оскар» сыйлығының «Жылдың үздік фильмі» номинациясы бойын­ша биыл тоғыз туынды – «1917», «Паразиттер», «Ир­ландық», «Бірде …Голли­вуд­­та», «Джоджо атты қоян», «Не­ке хикаясы», «Кішкентай әйелдер», «Ford Ferrari-ге қар­сы» және «Джокер» фильмі сынға түскен. «Үздік әртіс» аталымы бойынша «Джо­кер» фильмінде бас ке­йіпкерді сом­даған Хоакин Феникс, «Үздік әйел рөлі» аталымы бо­йынша «Джуди» фильмінде ойнаған Рене Зелл­вегер ие болды. «Бірде …Голливудта» фильміне түс­кен Брэд Питт «Екінші пландағы үздік актер» жүл­десімен марапатталды. Бұл Брэд Питтің алғашқы олжасы емес, оған бұдан бұрын 2014 жылы «Құлдықта өткен 12 жыл» фильмінде про­­дюс­ерлерінің бірі ре­тінде «Ос­кар» сыйлығы тап­сы­рыл­ған болатын.