Спорт • 12 Ақпан, 2020

Төрт спортшы құрамадан қуылды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше еліміздің Биатлон спорты ода­ғының президенті Ермек Қиза­товтың жетекшілігімен одақтың тәртіп­тік комиссиясының кезектен тыс жи­ыны өтіп, комиссия мүшелері әлем чемпионаты қарсаңында Аустрияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында спорттық режім мен тәртіпті бұзған төрт спортшыны құрамадан шеттетті.

Төрт спортшы құрамадан қуылды

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, тәртіпсіздігіне байланысты Антон Пантов төрт жылға, Тимур Куц, Владислав Витенко және Роман Еремин бір жылға спорттан аластатылды. Олар енді биатлоннан өтетін республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алмайды. Қазіргі уақытта спортшылардың барлығы жаттығу жиынынан елге қай­тарылған. Шешімді қабылдауға биатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері Мақсат Шарановтың рапорты және спортшылар мен бапкерлердің түсініктемесі себеп болды. Сондай-ақ Обер­тиллах қа­ласындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде команда мүшелері тұрақтаған аус­триялық қонақүйдің арыз-шағымы да назардан тыс қалмаған.