Парламент • 12 Ақпан, 2020

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізілді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізілді

Аталған заң жобасын депутаттар назарына Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ұсынды. Оның айтуынша, бұл хаттама 2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласында жасалды.

–Өзгерістер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 3-інші және 6-ншы баптарына енгізілді. Олар Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілу үшін мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуына мүмкіндік беріледі. Ол Президенттің сыртқы саясат және қорғаныс саласындағы негізгі өкілеттіктерін мемлекеттік мерзіммен Премьер-Министр өтейтін парламенттік басқару нысанына ауыстыруға байланысты, деді Мұхтар Тілеуберді.

Сондай-ақ ол 2020 жылы 11 ақпандағы жағдай бойынша мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындау туралы ақпарат Армения, Беларусь және Ресейден келіп түскенін, Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарға әкеп соқпайтынын, республикалық бюджеттен қосымша шығындар талап етпейтінін айтты.