«Бұл барып тұрған экологиялық апат. «Балқаш су» кәсіпорынына талай мәрте хабарланғанымен, олар ешқандай шара қолданар емес. Қалдық су осындай қарқынмен аға беретін болса, Балқаш көліне құйылар сәт те алыс емес», дейді бейне көріністі түсіруші.
Балқаш қаласының тура іргесінде болған осы апаттың анық-қанығын білу мақсатында қала әкімі Ораз Тәуірбековке whatsapp желісі арқылы хабарласып, ресми түсінік беруін өтінгенімізбен, әлеуметтік желіде өте белсенді отыратын лауазымды тұлғадан әзірге жауап келмеді.
Дәл осындай мағынадағы сұрау салған хат Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековке де жолданды.
Біз жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитінін бақылауда ұстайтын боламыз.