Тағайындау • 14 Ақпан, 2020

Н.Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.  

Н.Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Бас прокуратураның үш Департаментін басқарған. Арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан астам.