Кәсіпқой бокс • 13 Ақпан, 2020

Наурызда жекпе-жек өткізеді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық бокс­шы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі­нің мерзімі белгілі болды.

Наурызда жекпе-жек өткізеді

WBC тұжырысы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы және WBC Asia белдігінің иегері Ахмедов өзінің 12-ші кездесуін  12-наруызда өткізетін болды. Бұл туралы Tiger Management промоутерлік компаниясы кеше өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бокс кеші Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Қарсылас әзірге белгісіз.

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобості (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберген болатын.