10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №212

389 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 5 наурыз,      Астана, Үкімет Үйі

«Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №11, 122-қүжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №266 қаулысымен бекітілген

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі
1. Осы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібін айқындайды.
2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар (бұдан әрі - мемлекеттік стипендиялар) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі.
3. Мемлекеттік стипендиялар алуға мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын;
2) қазақстандық мәдениеттің дамуы үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер болады.
4. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) шешімінің негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Комиссия өз міндеттерін қоғамдық бастама негізінде орындайтын уәкілетті орган мен шығармашылық одақтардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
5. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды алуға ұсынылатын құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру құжаттарды қабылдау мерзімі басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары уәкілетті органға ағымдағы жылғы бірінші тамызға дейін мынадай құжаттарды: мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мінездемені қағаз немесе электронды түрде жібереді.
Мемлекеттік стипендия алушыға келіп түскен құжаттарды уәкілетті орган қабылдайды және бір күн мерзімде тіркеп, Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия отырысы ағымдағы жылғы бесінші қыркүйектен кешіктірілмей өткізіледі.
7. Комиссияның мемлекеттік стипендиялар беруге кандидатураларды бекіту туралы шешімі Комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Егер Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
Комиссия шешімі хаттамамен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Уәкілетті орган тиісті жылға мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын хаттама көшірмесімен қоса, Қазақстан Рес