10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №224

232 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 7 наурыз,  Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №224 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасында:
«Кіріспе» деген 2-бөлімде:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Берешегi осы сомадан кемді құрайтын бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi - «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы) шеңберiндегi мемлекеттiк қолдауды пайдалана алады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау түрінде қолдау шараларын алған кәсіпорындар Бағдарламаның талаптарына сәйкес келген жағдайда, оған қатыса алады. Бұл ретте, мұндай кәсіпорындар Бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жасалған субсидиялау шартын бұзуы қажет.»;
он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келiсiмдер 2012 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей жасалуы тиіс және 2011 жылғы 1 қаңтарға (не 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кәсіпорындар бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға) қарыздардың жалпы сомасы 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгенi құрауы тиiс (2012 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей туындаған бұрын қабылданған мiндеттемелердi қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледi деген негiздер болуы тиiс.»;
жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаға жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған кәсіпорындар қатыса алады.»;
жиырма екінші бөліктің:
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық органдар - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi және басқалар.»;
оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Холдинг­ – бұл:
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы бiр меншiк иесiне тиесiлi компаниялар тобы;
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, кәсіпорын және акцияларының (қатысу үлестерiнің) елу пайыздан астамы осы кәсіпорынға тиесілі компаниялар тобы;
ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, бiр қаржы ұйымының алдындағы бiрыңғай кредиттiк желi бойынша немесе шартпен бiрiктірілген компаниялар тобы.»;
жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Субсидиялау жөнiндегi оператор - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлға, оған:
қаржы ұйымдарына кредиттер және/немесе лизингтiк операциялар бойынша пайыздық ставканы, облигациялар бойынша купонды субсидиялау шеңберiнде ақша қаражатын аудару;
пайыздық ставканы субсидиялау бөлiгiнде Бағдарламаны iске асыру мониторингi жөнiндегi мiндеттер жүктелген.»;
«Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген кіші бөлімде:
3-тар