10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №247

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 15 наурыз,    Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №51, 680-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау (бұдан әрі – жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрылымында ұйымдастырылады.";
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелерімен айналысатын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерінен тұрады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғаларының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге, арнайы құралдар мен қызметтік қаруды алып жүруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С.АХМЕТОВ.