10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №254

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 18 наурыз,   Астана, Үкімет Үйі

«Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы №1033 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 487-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесінде:
4. 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар мемлекет меншігі болып табылатын ескерткішті пайдалануға алу үшін уәкілетті органға осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.
5. Уәкілетті орган жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіге қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
6. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды не мынадай негіздер бойынша:
1) мәлімделген ескерткіш пайдалануда болса;
2) ескерткішті пайдаланудың мақсаты мен сипаты ескерткіштің жай-күйіне нұқсан келтіретін болса;
3) ескерткішті пайдаланудың мақсаттары оның бастапқы мақсатына сәйкес келмесе пайдалануға беруден бас тартады.
7. Уәкілетті орган ескерткішті пайдалануға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруге келісу және ескерткішті пайдалануға беру туралы шарт жасасу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Ескерткішті пайдалануға беру туралы шартқа уәкілетті орган мен өтініш беруші арасында өтініш берушіге хабарлама жіберілген күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қол қойылады»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Уәкілетті орган теріс шешім қабылдаған кезде, өтініш берушіге ескерткішті пайдалануға беруден дәлелді бас тарту жазбаша нысанда жіберіледі.»;
10-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі        С.АХМЕТОВ.

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесіне қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрлігі Мәдениет
 комитетінің төрағасы
____________________________
____________________________
____________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты немесе атауы)

Өтініш
___________________________________ескерткіш________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
_________________________________________________мақсатында
(ескерткішті пайдаланудың қысқаша сипаттамасы) пайдалануға беруді сұраймын.
Өтініш берушінің деректері:
_____________________________________________________
_____________________________________________________
______________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны)
_________________________________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН)
_________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұратын жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері)
Қолы_______________
Мерзімі__________________