10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №282

271 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2013 жылғы 27 наурыз, Астана, Үкімет Үйі

«Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы №918 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жобалардың сараптамасын тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырады.
Бұл ретте жобаларды мемлекеттік сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асырады.»;
7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сараптама жүргізген кезде жобаны әзірлеушіде іздестіру қызметінің және/немесе жобалау қызметінің тиісті түрлеріне лицензиясының болуы немесе болмауы да белгіленеді.
10. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мемлекеттік нормативтерде көзделген құрамда ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама сараптамаға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі (инвесторы) өз қалауы бойынша сараптамалық жұмыстар нарығы субъектісінің ішінен тиісті аттестаты бар кез келген жеке тұлғаны сарапшы ретінде таңдауға не мемсараптамаға жүгінуге құқылы.»;
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бірақ заңнамада белгіленген тәртіппен өнім шығару немесе көрсетілетін қызметтер көлеміндегі мемлекеттік меншік үлесі көзделетін;»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік сараптаманың жиынтық қорытындысының негізінде жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы:
1) жобалау алдындағы құжаттаманы (бюджеттік инвестициялық жобаларды қоспағанда) белгіленген тәртіппен бекіту ж әне инвестордың құрылыс объектісін одан әрі қарай инвестициялау жөнінде шешім қабылдау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу;
2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасың белгіленген тәртіппен бекіту және жобаны іске асыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау үшін негіз болады.
25. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының түпкілікті нұсқасының электрондық нұсқасын тапсырыс беруші не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемсараптамаға қорытындыны алған күнінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде мұрағаттық (бақылау) данасы ретінде сақтау үшін береді.»;
28-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялар, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру;»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Егер, құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) болса, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Қордың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған сметалық құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Қор бекітуге тиіс.
Сметалық құны ағымдағы бағамен 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары құрылыс жобалары осы Ереженің 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітіледі.»;
35-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылыс мерзімі бес жылдан астам, жылу қуаты 300 Гкал/сағ. кем емес немесе электр қуаты 200 МВт кем емес жылу-энергетикалық кешеннің техникалық жағынан күрделі және технологиялық жағынан байланысты (кезең-кезеңмен іске асырылатын) объектілері үшін құрылыс құнының сметалық есептемесінің 10 %-ы мөлшерінде тапсырыс берушінің иелігінде қалатын қаражат резервін пайдалану тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.