10 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №340

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 11 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі

«Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №12, 155-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиация ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:
286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"286. Сөйлеу бауланысы арналары үшін резерв ретінде AFTN арналары, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылады.
AFTN желісіндегі байланысты ұйымдастыру және жүргізу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс техноло­гиясында белгіленеді.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.