Ерлан Нұрбайұлы Атамбай телевизия саласында 20 жылға жуық уақыттан бері қызмет етіп келеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы бастады. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Бас редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаменті конвергенттік редакциясының жетекшісі қызметтерін атқарды.
Бүгінгі тағайындауға дейін Е.Атамбай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры қызметінде болды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен Ерлан Атамбай «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалы «Kókshe» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық арнаның Telegram парақшасы хабарлады.
Жамбыл облысында оқушы мектеп ауласындағы әжетханада көз жұмды
Қылмыс • Бүгін, 01:53
Найзағай, тұман, үсік: синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Ауа райы • Бүгін, 01:11
Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, 3-еуі ауыр халде
Қоғам • Бүгін, 00:32
Басылым • Бүгін, 00:25
Руханият • Бүгін, 00:13
Фильмнің өзегі – арнайы операция
Кино • Бүгін, 00:05