Спорт • 13 Ақпан, 2020

Пирмаммад Алиев: Бакудегі әлем кубогі - жылдың басты бәсекесі

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бакуде батуттағы гимнастикадан әлем кубогінің кезеңі өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан сапынан қатысатын Пирмаммад Алиев жарысқа дайындығы туралы баяндап берді. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Пирмаммад Алиев: Бакудегі әлем кубогі - жылдың басты бәсекесі

«Жарыс басталуына да санаулы күндер қалды. Біз Бакуге сайыс басталардан екі апта бұрын келдік. Бұл біздің ауа-райына бейімделіп, әлем кубогіне тыңғылықты дайындалуымызға пайдасын тигізеді. Себебі, бұл жарыс біз үшін өте маңызды. Жылдың басты бәсекелерінің бірі десек те болады. Олимпиада алдында екі әлем кубоігінің кезеңі бар еді. Соның бірі осы Бакуде болса, екіншісі сәуір айының соңында Италияда өтеді. Осы жарыс нәтижесі бойынша ұпай жинап, Олимпиада жолмасына ие болғымыз келеді. Қазіргі таңда жоспар бойынша жаттығуды жалғастырып, жарысқа сақадай сай тұрмыз», - дейді батутта секіруші Пирмаммад Алиев.

Соңғы жаңалықтар