«Чемпионатқа дайындық өте жақсы деңгейде. Қазіргі таңда екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Азия чемпионаты Олимпиада қарсаңындағы ең маңызды, өз әлеуетімізді тағы бір тексеріп алатын турнир. Оның үстіне, бұл бәсекеде рейтингілік ұпай беріледі. Сондықтан Үндістандағы турнир бәріміз үшін де аса қажет. Қарсыластар да қарымды. Кілем иесі Үндістаннан бөлек, Жапония, Иран, Өзбекстан балуандары бар. Біз бар күшімізді саламыз», - дейді Д. Ниязбеков.
Айта кетелік, Дәулет Ниязбеков бүгінге дейін Азия чемпионатында үш рет топ жарып, үш мәрте қола жүлдегер атанған.