Қазақстан • 13 Ақпан, 2020

Бейбіт жиындар туралы заң жобасы ашық талқылауда тұр

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында мәлімдеді. Ол «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі»  туралы заң жобасы аясында атқарылатын жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Бейбіт жиындар туралы заң жобасы ашық талқылауда тұр
«Өздеріңіз білетіндей, Президент Үкіметке нақты тапсырма беріп, бейбіт жиындар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Сол кезде Мемлекет басшысы біз митинг өткізудің мәдениетін көтеріп, бұл адам құқығының ажырамас бөлігі ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін де аңғаруымыз керектігін мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда құжат талқылауға ашық. Осы аптада жұмыс тобы Ұлттық кеңестің мүшелерімен, сарапшылармен, заңгерлермен, құқық қорғаушылармен кездесті. Әділет министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Әрине бұл талқылаудың соңы емес. Біз пікір-пайымдарды жинақтап, ұсыныстарды пысықтауымыз керек. Заң жобасы бойынша сұрақтардың жинақталуына байланысты пікірталас туындататын барлық бөлік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Дәурен Абаев.