Марат Тұрдыбекұлы Оспанов – Ақтөбе медицина институтының экономика кафедрасын, оқу орнының партия ұйымын басқару жұмыстарын атқара жүріп, сол кездегі саяси-экономикалық дағдарыстың себептері мен салдарларына білікті сараптама жасап, оны жақсарту, оңалту жолдарын ұсыну арқылы 1990 жылдың көктемінде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (Парламенттің) кезекті ХІІ шақырылымының сайлауында сайлаушылардың сеніміне ие болып, депутат болып сайланды.

Сол жолда республиканың қоғамдық-саяси сахнасына есімдері елге белгілі кәнігі саясаткерлер, ғалымдар, жазушылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлерімен қатар тың ойлар мен орнықты ұсыныстар айта келген Мұрат Әуезов, Нұрлан Оразалин, Бірғаным Әйтімова, Александр Княгинин, Ермұхан Ертісбаев, Гүлмира Исимбаева, Қажымұрат Нағманов, Оразалы Сәбденов және тағы басқа депутаттар тобында Марат Оспановтың да дауысы қоғам назарына ілігіп, қолдау тауып жүрді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әсіресе саяси сахнаға жаңа келген адамдардың сөзіне құлақ асып, ерекше зейінмен тыңдайтын.
Мараттың депутаттық сөзі мен дауысы бірден әріптестерінің назарын аударды. Ол қандай мәселеде де білмей сөйлемейтін. Әсіресе экономикалық, қаржылық проблемаларды, бұрынғы жоспарлы экономика мен ендігі жерде жобалы нарықтық экономика айырмашылықтары мен мүмкіндіктері төңірегіндегі пікірталастардан сырт қалмайтын. Көп жағдайда Мараттың ерекше пікірі болушы еді әрі ол пікірін байыппен дәлелдеп те айтатын. Мараттың білімділігі мен біліктілігін бағалай білген әріптестері оның төңірегіне топтасып, Жоғарғы Кеңес аясында демократиялық, экономикалық реформалар жасау қажеттігіне байланысты арнайы топтар құрылып, бастамашы болды. Өтпелі кезең тұсында қабылданған заң жобаларының көбінде депутат Оспановтың қолтаңбасы, мазмұндық үлесі бар екендігі шүбәсіз.
Әрине сол шақырылымның депутаттарының ерекше мақтанышпен еске алатын айтулы күні – 1991 жылдың 16 желтоқсаны.
Нұрсұлтан Назарбаев депутаттар, Үкімет мүшелері түгел қатынасқан Жоғарғы Кеңестің мінберінен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, құттықтау сөзін жариялаған тарихи сәтті бірге көріп, бірге сезіндік.
Біз сол – қазақ халқының рухы көтерілген қасиетті күні бірге болдық. Бір мүдде, бір тілекпен жүрекжарды арман-тілектерімізді, пікірлерімізді ортаға салдық. Бірге қуандық. Бірге шаттандық. Әр қазақ баласының арманына қол жеткізген сәт ешқашан ұмытылмас әрі қайталанбас бақытты шақ екенін бағалай да білдік. Заң жобасына дауыс бергенде ант бергендей рухымыз бір екенін түсіністік, жанымызды, барымызды салып, осы тәуелсіздігіміздің жолында аянбай еңбек етіп, әлем мойындайтын ел болайық дестік. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жариялаған бас құжаттың талқыланып, қабылдануына қатынасу әрқайсымыз үшін ұмытылмас бақытты шақ болғаны хақ.
Мемлекеттігімізді жариялаумен іс бітпейтін еді. Енді біздің мемлекеттігімізді әлем елдері мойындап, тануы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, тағы басқа мәртебелі халықаралық ұйымдардың бізді мемлекет деп танып, қабылдауы, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуымыз қажет. Ең бастысы – еліміздің ішкі жағдайын үйлестіріп, тұрмыс әлеуетін көтеру сияқты аса маңызды міндеттерді орындауға бірге қатынасып, бірге еңбек ету сеніміне, бақытына ие болдық.
Сондай-ақ Марат Тұрдыбекұлымен 1994 жылғы көктемде өткен Жоғарғы Кеңестің (Парламент) ХІІІ шақырылымында депутат болып сайланып, Төраға Әбіш Кекілбаевтың орынбасарлары лауазымында бірге қызмет атқардық. Ақылдасып, пікір алысатын мәселелеріміз көп болды.
Әрине мемлекеттігіміздің алғашқы жылдары қайшылықтар мен қиындықтарға толы болғаны белгілі. Бізде бұрын болмаған, көрмеген жолдармен жүруге тура келді. Қателесіп, қапы қалған жағдайлар да баршылық. Президент бастаған мемлекетшілдер жаңа реформаларды тездетіп жүзеге асыруға жұмылдық. Қарсылықтар аз болған жоқ. Түсінбеушіліктер де толастамай тұрды.
Ол өтпелі кезеңде нақты шешім, істерден гөрі Жоғарғы Кеңестің кейбір депутаттары қоғамға белгілі кемшіліктерді, дағдарыстарды санамалап, байбалам салып, «саяси мәлімдеме» жасауға бейім болды. Өздерін «демократтармыз», «құтқарушылармыз» деп жариялаған әртүрлі топтар құрылып, заң жобаларын талқылауға көпе-көрінеу кедергі жасап, сөйте тұра Жоғарғы Кеңестің билік құзырын күшейтуге талпынып, басы, аяғы жоқ дау-дамаймен «малдануды» кәсіп етті. Демократия, сөз бостандығы ұғымдарын бейсауат сөйлеп, еш жауапсыз ойына не келсе соны айту, өзі ұнатпаған адамды «жаптым жала, жақтым күйе» тәсілімен «тұқырту» деп түсінгендер мемлекетке шынайы жанашырлықтан алшақ еді. Саяси мәдениет жетпей жатты. Олармен сөйлесу, түсіндіру қажет болды. Бұрынғы экономикалық жүйе дағдарысқа ұшырап, кәсіпорындар тоқтап, қалаларды, ауылдарды жаппай жұмыссыздық жайлап, қаржы жүйесі доғарылып, елде жалақы, зейнетақы, студенттерде стипендия жоқ – бүкіл қоғам күйзеліске ұшыраған қиын жылдар еді. Ондай жағдайдың себебі көп, талай айтылды, жазылды. Негізгі себебі – бұрынғы кеңестік жоспарлы және бір орталықтан, Мәскеуден басқарылатын қаржы-экономикалық жүйенің күйреуі болатын. Ал біз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаев бастаған реформалардың алғашқы жылдары әлі нәтижеге жете қоймаған кез.
Қоғамдағы қайшылықтарды сабасына түсіріп, елді еңбекке жұмылдыру үшін Президент өзі бастап, депутаттар, Үкімет мүшелері, әкімдіктер, мемлекеттік билік тармақтары орасан үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті болды. Қоғам талабына сай сол жұмыстарды жүргіздік те. Осы реформаларды халыққа жеткізіп, халықтың өзінің қолдауымен, қатынасуымен ғана нәтиже болатынын түсіндіру, соған қажетті заңдарды қабылдап, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды болды. Президенттің бастамашылдық реформаларын жүзеге асыруға, әрине ең алдымен Үкімет, Парламент, әкімдіктер, барлық билік тармақтары мен қызметкерлері мейлінше бірлікпен атсалысуға міндетті болса, солардың алдыңғы тобында Марат Тұрдыбекұлы болды десем, артық айтқандық емес.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес мемлекетімізде тұңғыш рет Мәжіліс және Сенаттан тұратын қос палаталы парламент құрылып, Мәжілістің тұңғыш Төрағасы болып Марат Оспанов сайланып, осы қызметті төрт жылға жуық атқарды.
Ол жылдар біздің қоғам, саясаткерлер де, мемлекеттік қызметкерлер де едәуір саяси мектептен өтіп, жаңа кезеңге көтерілген болатын. Сондай жағдайға байланысты Мәжілістің жаңа басшысы депутаттарды саяси популизмнен гөрі салиқалы сөз, орынды ұсыныс ел, мемлекет мүддесінде заңдарды тежеусіз қабылдауға жұмылдыра білді. Парламент жұмысында жаңа мемлекетшілдік дәстүр қалыптаса бастады.
Марат не нәрсеге де байыппен, сабырмен қарайтын. Төзімділігін де көрсетті. Елдің, өзінен басқа адамның пікіріне айрықша зейін қоятын. Өзі де көп ізденетін, білмейтінін үйренуге ықыласты болатын. Ол тек саясат шеңберімен шектеліп қалмайтын, ақынжанды, сезімтал, өнерге, әдебиетке жақын еді. Музыканы жақсы түсінетін. Тіпті желпінген жиырма бестен әлдеқашан асып кетсе де сондай саясаттың бұрқылдаған қазанында қайнап жүріп, домбыра үйренуді де қолға алғаны есімде. Көп оқитын. Көп білетін, зиялы тұлға еді.
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар