Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Қордайда үйінді астынан өртеніп кеткен адам денесі табылды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қордай ауданында орын алған қақтығыс салдарынан қаза тапқан адамдардың бүгінде саны 11-ге жетті. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова Масанчи ауылындағы сауда орталығын тазарту барысында үйінділердің арасынан жанып кеткен адамның денесі табылғанын, бүгінде мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қордайда үйінді астынан өртеніп кеткен адам денесі табылды

Алайда, адам танымастай болып өртеніп кеткен мәйіттің кім екенін анықтау мүмкін болмай жатыр екен.

Қордайдағы жаппай төбелес салдарынан 10 адам қайтыс болған еді. Ал, орын алған жанжалдан кейін Қордай ауылының 20 жастағы тағы бір тұрғынының жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Оның өртеніп кеткен көлігі табылғанымен, өзінен әлі күнге дейін хабар жоқ.

Дегенмен, ел арасында түрлі болжамдар айтылып жатқанымен, күні бүгінге дейін үйінділердің астынан табылған мәйіттің кім екені анықталған жоқ.