Әлемдік қауымдастық нәзік жыныстылардың ғылым, біліммен айналысуын олардың бұғанасы қатпай тұрған кезден бастап қадағалау керек, оларды ынталандыру керек деген шешімге келіпті.
Сондықтан олар 11 ақпанды ғылым мен білімнің соңында жүрген қыздар мен әйелдердің халықыралық күні болсын деген бәтуаға келген. Бұл күн 2016 жылдан бастап аталып келеді. Сондықтан, БҰҰ бұл күн әйелдер мен қыздардың ғылыми және технологиялық қауымдастықтарда маңызды рөл атқаратындығын және олардың ғылымға, гендерлік теңдікке және мүмкіндіктерді кеңейтуге толық және тең қол жеткізу үшін олардың қатысуы кеңейтілуі керек екенін еске салады деп үміттенеді.
Биылғы іс-шара «Гендерлік алшақтықты жою» ұранымен «ешкімді артта қалдырмау» тұжырымдамасына сәйкес орта мектеп оқушыларына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі қыздарға бағытталған жас қыздар мен әйелдердің ғылымға толық және тең қол жетімділігі мен қатысуына ықпал етуге бағытталды. Алматыдағы БҰҰ үйінде жиналған Орталық Азия елдерінен келген жас қыздар мен келіншектер өздерінің ғылым-білім жолындағы жеңістері мен жеңілістерінің формуласы бойынша ой бөлісті. Жиын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бейне-жолдауымен ашылды: Одан кейінгі тізгін ЮНЕСКО-ның Алматы бюросының өкілі Кристина Товмасян ханымға берілді.
ЮНЕСКО өкілінің бас-аяғы 10 минутта созылған баяндамасында айтылған жайттарды қазақы пайымға аударсақ «ұша білген қанатқа дүние кең». Ғылым мен ақпаратты технологияның дамуы бір-бірімен теке-тіресіп қалды. Ғылым, ақпаратты технологияның мүмкіндігі тұтас мемлекеттердің келбетін 50 жылда емес, 1 жылда-ақ жаңартып жатыр.
«Бүгін осы залда болашақтарын ғылыммен салыстырғысы келетін жас қыздар жиналып отыр. Ғылым, білім соңында 28 пайыз әйелдің толысып, кемеліне келген шақта ғылымнан кетіп қалуы түсініксіз Әйелдер бұл кезеңде отбасын құрады. Балалы-шағалы болады. Бұған не себеп? Мен соны білгім келеді» деп сөзін түйіндеді.
Тәжікстан ғылым академиясы Мұздықтарды зерттеу орталығының жас маманы Дилором Джалолова от-басында түсіністік болса, ерлі-зайыптылардың арасында сенім болса ғылыммен айналысуға кедергі жоқ екенін айтты. Биыл 26 жасқа толатын Дилоромның негізгі маманы Антрактикадағы мұздақтар, олардың еруінің табиғатқа әсері екен. Соңғы бірер жылда арнайы экспедициямен сол жаққа іс-сапарға барып келіпті. «От басын құрған соң жолдасым айналысып жүрген салама түсінбей қарады. «Оның Тәжікстанға не қатысы ба? Басқа салаға ауыс » деген талап қойды. Кейін ұжымыммен араласқан соң түсінді. Күдік те сейілді. Жақында іс-сапарға шыққан кезде де ешқандай проблема болған жоқ» деп сөзін түйіндеді Дилором Джалолова, Кристинэ Товмасян «Ғылым және ғылымдағы әйелдер: стереотиптен арылу» тақырыптарында семинар жүргізді.
Ал Наталья Ким «Биоалуантүрлілік», Арина Мясоед «Климат» және Ягшимурат Аннамурадов «Табиғи апаттар» сияқты 6 тематикалық «станциялар» бойынша мектеп оқушыларымен интерактивті сессиялар мен викториналық ойындар өткізді. Ойындарда ғылымның олардың күнделікті өмірде алар орны кеңінен қамтылған және еліміздегі экологиялық ахуалды шешу жолдары берілген. Осы орайда айта кетейік ғылым саласында әйелдер әлі күнге дейін түрлі қиындықтарға тап болып келеді. Әлемдік ұйымның өкілдері осылай деп пайымдайды.
Бұл тарапта арнайы зерттеу де жүргізіліпті. ЮНЕСКО-ның зерттеуі ғылым, білім де жүрген бакалавр немесе магистр деңгейіндегі әйелдердің үлесі 28,4 пайыз екенін, осы деңгейге дейін олардың саны ғылым-білім соңында жүрген еркектерден де асып кететінін айтады.
Бірақ докторонтураға жеткен кезде әйелдердің саны күрт кеміп кетеді. Демек, олардың пікірі бұл тұста БҰҰ-дан алшақтап кеткен жоқ. Сол себепті, БҰҰ, ЮНЕСКО-мен бірге ғылым жолында жүрген жас әйелдер мектеп жасындағы ғылымға бейім жас қыздармен жұмыс істемекке бекініп отыр.
Алматы