Қоғам • 14 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда есірткінің зияны мен салдары жайлы диалог алаңы өтті

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен нашақорлықты алдын алу, уытты заттардың зияны тақырыбында білім беру мекемелері, колледж директорлары және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлескен диалог алаңы өткізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Нұр-Сұлтанда есірткінің зияны мен салдары жайлы диалог алаңы өтті

Шара барысында жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, оның алдын алу және балаларға салауатты өмір салтын баулу, жастардың есірткімен байланысты жасалған қылмыстары мен заңды жауапкершілік, психобелсенді заттар мен олардың аналогтарын қолданудың салдары секілді мәселелер қозғалды. Сондай-ақ есірткі қылмысына қатысты жазаны қатаңдату бойынша нормативтік актілер талқыланды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында нашақорлық пен есірткі қылмысымен күресуге бағытталған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмысы аясында 2020 оқу жылына арналған есірткіге қарсы бірлескен алдын-алу шараларын қабылдау жөнінде шешім қабылданды.