Қазақстан • 15 Ақпан, 2020

Бас прокуратура: Қазақстандықтардың жеке мәліметтері таралып жатқан жоқ

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) ақпараттық жүйелерден деректердің шығу туралы хабарламасы бойынша тиісті тексеру жүргізді. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды.

Бас прокуратура: Қазақстандықтардың жеке мәліметтері таралып жатқан жоқ

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша деректер Интернет желісінде ашық түрде қолжетімді емес екені анықталды. Арнайы сәйкестендірусіз жүйеге кіру мүмкін емес.

Сонымен қатар КШТТО-мен бірге жүйенің осалдығына әсер етпейтін және сақталатын мәліметтерді қорғау үшін қауіп төндірмейтін жекелеген тәуекелдер анықталды. Қазіргі уақытта техникалық қателер жойылды.

Жалпы, Комитет ақпараттық жүйелерді құру кезінде барлық жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерінің сақталуына ерекше көңіл бөледі.

Осы мақсатта ведомство түрлі құзыретті ұйымдармен, оның ішінде КШТТО-пен ықпалдастықты жүзеге асырады.

Атап айтқанда, 2018 жылы бекітілген Меморандумға сәйкес КШТТО-мен бірге Комитеттің ақпараттық жүйелерін заңсыз қол жеткізу тәуекелдеріне тексеру жүргізілді. Қауіп анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше