Қаладағы Ғ.Жұбанова мен Ө.Сейітов көшесінің қиылысында такис қызметіне тиесілі «Volkswagen Polo» көлігі мен №37 бағыттағы «ПАЗ» автобусы соғысқан. Салдарынан жолаушылар көлігі аударылып, онда болған 26 адам (19 әйел, 7 ер адам) медициналық бригадалар мен патрульдік полицейлердің көмегімен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерді көктайғақ кезінде жолда аса сақ болуға шақырады. Жылдамдық режімін қатаң сақтап, ара-қашықтықты ұстану қажет. Сондай-ақ жол ережелерін сақтауға, негізсіз маневрлер жасамауға және кенеттен тоқтамауға кеңес береді», - делінген ақпаратта.