Білім • 15 Ақпан, 2020

Мектеп оқушылары ғылыми жобаларын әл-Фараби университетінде қорғады

539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын өткізетін республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталып, тырнақалды жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар ЖОО білім гранттарына ие болғанын бұған дейін де хабарлаған едік.

Мектеп оқушылары ғылыми жобаларын әл-Фараби университетінде қорғады

3 дәрежелі дипломмен марапатталған Рыбалченко В, Степанова Д. ғылыми тәжірибені талқылауда

Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті  де  елеулі жұмыстар атқарып отыр. 

Мақсат біреу – жаратылыстану және дәл ғылымдарға қызығушылық танытқан талантты, дарынды балаларды іздеп тауып, ғылымға баулу. Осындай бейімі бар қабілетті оқушылар ғылыми жоба жұмыстарына қатыстырылады. Мектеп оқушыларының кафедрада осындай тәлім-тәрбиеден өтуі жемісін беріп отыр. Мұндай оқушылар келешекте әл-Фараби университетінің үздік студенттерінің қатарын көбейтеді.

Осы бағытта жасалған ғылыми жұмыстар биыл да өз жемісін берді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы 11-14 ақпан аралығында  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткізілді.

Конкурста химия және химиялық технология факультетінің аға оқытушысы Райхан Рахметуллаева жетекшілік еткен Алматыдағы №90 лицейдің 10 сынып оқушысы Бақтияр Иманбаевтың «Медицинаға арналған полимерлі композициялық материалды алу» тақырыбына жасалған жұмысы  2-ші дәрежелі дипломмен марапатталса, химия факультетінің доценті Перизат Үркімбаева жетекшілік еткен 44 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары Виктор Рыбальченко мен  Диана Степанованың «Крахмал негізіндегі биоыдырайтын үлдірлердің синтезі және физика-химиялық қасиеттері» жобасы 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Осылайша балалар оқушыларды ғылымға мектеп қабырғасынан баулу сапасының кафедрада жоғары деңгейде жүргізілгенін тағы да бір дәлелдеді. 

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдері» тақырыбындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

 

АЛМАТЫ