Абай • 17 Ақпан, 2020

Абай әндері үнді елінде асқақтады

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында биылғы 14 ақпанда Үндістандағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Панчшил балак» колледжінің оқушылар хоры Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай әндері үнді елінде асқақтады

Іс-шарада сөз алған Қазақстан Елшісі Ерлан Әлімбаев оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен оның отандық және әлемдік әдебиеттегі маңызы туралы айтып, Президент Қ.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы туралы баяндап берді. Қазақстан Елшісі Дели қаласының орталық көшелерінің бірі қазақ ақынының құрметіне аталғанын айта келе, жақын арада Үндістан астанасында Абайға ескерткіш орнату мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат елімізде жастарды қолдау мен ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Салтанатты іс-шараға қатысқан барлық оқушыларға естелік кәдесыйлар мен алғыс хаттар табыс етілді. Бұл іс-шара Абайдың 175 жылдығын Үндістанда тойлаудың алғашқыларының бірі болды.