Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Университет студенттері тергеушілермен кездесті

493 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының тергеу саласы қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, тергеу саласына білікті, жас заңгер мамандарды тарту, сонымен қатар, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университеті арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Университет студенттері тергеушілермен кездесті

Ішкі істер органдарының тергеу қызметі осыдан 57 жыл бұрын құрылғаннан бастап көптеген түйінді мәселеге, қылмыс деңгейінің, оның ішінде ұйымдасқан нысандардың күрт өсуіне, жеткіліксіз материалдық-техникалық жарамдылыққа, жоғары жүктеме мен кадрлардың тұрақтамауына төтеп беру жолында ұдайы құқықтық жүйені жетілдірумен айналысып келеді.

- Тергеуші лауазымына жоғары заң білімі бар әрбір адам тағайындала алады. Яғни тергеу саласында қызмет ету үшін тек қана ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарын бітіру шарт емес, сонымен қоса, өздеріңіз сияқты әр-түрлі азаматтық, жоғары оқу орындарының түлектері де жұмысқа қабылданады. Азаматтық жоғары оқу орындарының түлектері тергеу саласына жұмысқа орналасу үшін диплом алғаннан кейін ІІМ-нің Қарағанды Академиясында бастапқы даярлық курсынан өтеді. Алайда оқу орнын бітірген кез келген жас маман білікті тергеуші болып қалыптаспауы мүмкін. Тергеушілер құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күрес ісіне жан-жақты денсаулығы мен білімін жұмсауға мәжбүр. Олар жеке уақытымен санаспай, табандылықпен және қағидаттылықпен қылмыстарды ашады және тергейді. Өтпелі кезеңнің проблемаларынан өту арқылы тергеу қызметкерлерінің кәсібилігі қалыптасады, бұл алға қойылған мақсаттарды табысты шешуге мүмкіндік береді.

Тергеу саласында тек қана ер жігіттер емес, солармен бірге қыздар да күнделікті қиыншылықтарға қарамастан аянбай еңбек етуде.

Тергеушілердің қазіргі буынына қиын жағдайда жұмыс істеуге тура келеді - қылмыстық деликтер жүйесі түпкілікті қайта қаралған, уақыттың шынайылығы ескеріле отырып жаңа тараулар мен қылмыс құрамдары енгізілуде. Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу толығымен өзгерді, қазіргі кезде тергеушілер қағаз форматта және электронды форматта қылмыстық істерді тергеп оларды сотқа жолдайды. Жоғары кәсіби шеберлік пен жауапкершілік сезімі өз қызметінде жаңа заңдарды басшылыққа алуға және құқық қолдану практикасында туындайтын кез келген мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Заң талаптарына сәйкес қылмыстық істерді тергей отырып, тергеуші заңдылық пен белгіленген демократиялық қағидаттарды тек қана бекітпей, азаматтар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, өйткені әр қылмыстық істің артында адам өмірі, олардың проблемалары тұр, деді студенттерге кездесуде ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Амангелді Досжанов.

А.Асқарұлы «Өз борышын лайықты атқаратын, мундир беделін сақтайтын, ісіне адалдық танытатын нағыз кәсіби шеберлерді мақтан тұтамыз» деп полиция қызметінің жалпы жұмысымен қысқаша таныстырды. Қазіргі уақытта жалпы полиция қызметкерлері, оның ішінде тергеу саласының қызметкерлері мемлекет тарапынан әлеуметтік жағынан толығымен қамтылған. Соңғы 2 жылда ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеушілер Департаменттің қолдауымен өздерінің жанұя мүшелерімен бірге шет елдерге жазғы демалыстарға жіберілді. Алдағы уақытта да осы үрдіс жалғасын табатын болады.

Сөз соңында А.Досжанов келген студенттердің оқуларына сәттілік тілей отырып, таңдаған мамандықтарының иесі болуына тілек білдірді. Сонымен қатар ғимаратта орналасқан жедел-криминалистикалық полигонымен, сол қызметтің тыныс-тіршілігімен, тергеу бөлмелері мен арнайы техникалармен таныстырып, қылмыс оқиғасының болған жеріне қарап-тексеру жүргізу бойынша оқу-жаттығу сабағын өткізді.