Білім • 17 Ақпан, 2020

Халықаралық аккредитация – университтеттің білім беру сапасының көрсеткіші

657 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығын мен (KazSEE) Ходжент келісіміне қатысушы елдердің ұйымдастыруымен «Цифрландыру шарттары бойынша Орталық Азия аймағында инженерлік-техникалық білім беруді модернизациялау. Халықаралық аккредитация» атты халықаралық конференциясы өтті.

Халықаралық аккредитация – университтеттің білім беру сапасының көрсеткіші

Жоғары оқу орындары ұлттық және жаһандық деңгейде бәсекелестікке төтеп беру үшін қандай талаптарға сай болуы керек? Жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін не істеу қажет? Конференцияға қатысушылар осы және өзге мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

ҚО Білім және ғылым министрілігің қолдауымен өткен конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарының, аккредитациялық агенттіктердің, халықаралық ұымдардың өкілдері, аккредитация мен біліктілікті арттыру саласындағы халықаралық және отандық ұйымдардың ғалымдары мен сарапшылары қатысты.     

Білім сапасын көтерудегі аңызды бұл жиында Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және технология факультетінің доценті Перизат Үркімбаева: «Қазіргі уақытта білім беру жүйесі мен ғылым – мемлекеттің дамуын анықтайтын маңызды фактор. Осыған байланысты, барлық мемлекеттер негізінен университеттерде қалыптасатын адами капиталды қалыптастыратын  интеллектуалды потенциалға, жаңа білім мен инновацияларға инвестиция салып отыр.

Университет деп аталатын барлық университеттер осынау маңызды міндетті атқара алмайды. Тек заманауи зерттеу университеттері немесе әлемдік кластағы университеттер ғана жоғарыда айтылған миссияны атқара алады.

Университеттерді рейтинг бойынша бағамдау бүгінгі таңда бүкіл әлемде оларды бәсекеге қабілетті қылу жолындағы ең бір оңтайлы құрал деп есептеледі. Жалпы, елдегі университеттердің жағдайына қарап сол елдегі білім беру деңгейін байқауға болады. Ал енді университтеттің ұлттық немесе халықаралық рейтингтегі алатын орнына бір қарап-ақ оның қандай деңгейде екенін білінеді. Демек, рейтинг сол жоғары оқу орнының төлқұжаты іспеттес. Жоғары оқу орындарын рейтинг арқылы бағалау олардың өзара бәсекеге түсу тетігін іске қосты. Мәселен, халықаралық рейтингте жоғары дәрежеге ие болған университеттер тек студенттерге білім беріп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне де үлестерін қосады. Университеттің халықаралық рейтингтегі дәрежесі биіктеген сайын ол барынша жаһандық мәселелердің шешілуіне ықпал ете алады. Мұндай университеттерде ең алдыңғы қатарлы зерттеулер жасалып, жоғары технологиялық инновациялық жаңалықтар жүзеге асады. Олар өз кезегінде экономиканың нақты секторында қолданысқа енеді. Ал мұның барлығы жоғары оқу орындарының өндіріспен тығыз байланысқан кезде ғана нәтиже береді. Яғни университеттерді рейтинг бойынша бағалау олардың қоғамдағы ең түйінді мәселелерге сергек қарап, оның тез арада оң шешілуіне ықпал етуіне мәжбүрлейді. Сонымен бірге рейтингтер университеттің өзгелермен бәсекеге түсе отырып өздерінің жұмыс сапасын көтеруге итермелейді», дейді

Аккредитация жəне рейтингтiң тəуелсiз агентствосынын құрамындағы эксперт,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және технология факультетінің «Нанотехнологиялар мен наноматериалдар» бiлiм бағдарламасының құрастырушысы Меруерт Нажипқызы: «Студенттерге сапалы білім беру қай кезеңде де университет алдында тұрған ең үлкен міндет. Ал білімнің сапалы болуы оқу бағдарламасы, студенттердің оқу үлгерімі, студенттердің тыңғылықты оқуына қажетті жағдайдың жасалуы, оқу бітірушлердің жұмысқа орналасуы сияқты көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Ал аккредитация дегеніміз университеттердің мемлекеттің білім беру стандарттарына сай келуі. Бұл университеттердің жұмыс істеуіне қажетті ең негізгі шарт. Ал енді университет жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болғысы келсе, онда халықаралық аккредитациядан өтуі қажет. Бұл дегеніңіз аталған жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай келуі керек деген сөз. Яғни, халықаралық аккредитацияға ие болу университтеттің білім беру сапасының көрсеткіші» дейді.

Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы, химия ғылымының кандитаты Гүлфайруз Қайралапова: «Осындай халықаралық деңгейдегі жиындарды өткізу өте қажет. Өйткені, осы арқылы біз өзіміздің алдымызға нақты мақсаттар қойып, соған жетуге ұмтыламыз. Бір сөзбен айтқанда, әрбір оқытушы осы деңгейге жету үшін өзінің білімін, біліктілігін арттыра отырып, өз кезегінде университеттің де беделінің көтерілуіне үлес қосады» дейді.

Сонымен конференцияның негізгі серіктестері – Инженерлік білім беру саласындағы Еуропалық желі (ENAEE), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ресей инженерлік білім беру қауымдастығы (АИОР), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті, Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым академиясы, Білім сапасын аккредитациялау мен сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі (ARQA).