Бокс • 18 Ақпан, 2020

Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа ауысты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал боксшысы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. Бұл жайында MTK Global компаниясының менеджерлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа ауысты

Тұрсынбайдың мықты боксшы екенін жанкүйерлер жақсы біледі. 26 жастағы Сыр бойының сайыпқыраны 75 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды. 2017 жылы ол Бакуде өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанып, көпшілік назарын өзіне аударды. Сол жарыста ол Олимпия ойындарының қола жүлдегері, әзірбайжандық Камран Шахсуварлыға шаң қаптырған еді. Одан кейін қандасымыз екі бердей аса ірі халақаралық додаларда жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, Бангкокта Азия чемпионы атанса, Екатеринбургте әлем чемпионатының қола медалін мойнына ілді. 

Осыныңдай елеулі табысынан кейін Тұрсынбай Құлахмет Асқар Салықбаев жетекшілік ететін MTK Global командасының құрамында кәсіпқойлар арасында күш сынасуды құп көрді.

Соңғы жаңалықтар