Абай • 18 Ақпан, 2020

Өнер академиясы Абай мерейтойын атап өтті

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Биыл еліміз үшін, оның ішінде мәдениет пен өнер саласының өкілдері үшін маңызды жыл.

Өнер академиясы Абай мерейтойын атап өтті

Өйткені, Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, Әл Фарабидың 1150 жылдығын және Алтын Орданың 750 жылдығын жоғары деңгейде атап өту межесі тұр.

Осыған орай, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өткізді. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» атты рухани кеш толығымен Абай өмірі мен шығармашылығына арналған. Онда кемеңгердің осыған дейін көп айтылмаған әндері тыңдарманға ұсынылды. Шығармалары дәріптеліп, композициялар орындалды.

1

Сахналық көріністер қойылып, Ұлы ойшылдың өсиеттері айтылды. Сәкен Майғазиев, Толқын Забирова, Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Айгүл Қосанова, Ерлан Біләл сынды оқу ордасының ұстаздары мен мен студенттері өз өнеріп ортаға салды.

«Біз тек өнер адамы емепіз, еліміздің болашағы – жастарды өнер мен білімге қатар баулып жүрген буынбыз.Сол себепті, Абай өмірі мен шығармашылығы әрбір талапты жастың, жанашыр үлкеннің айнымас серігіне айналуы керек. Бұл кештің осы, ортақ мүддені орындауда, кемеңгер мұрасына терең үңіліп, болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге беру жолында маңызы зор», - деген Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев бұдан кейін де ағартушының мерейтойына арналған іс-шаралар жалғаса беретінін айтты.

Айта кетейік, 17 ақпанда өткен мерейтойлық концертке мыңға жуық көрермен жиналды.