Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

«Alima DELUXE» компаниясы өз кәсібін Жамбыл өңірінде жүзеге асырады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Alima DELUXE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа отырды.

«Alima DELUXE» компаниясы өз кәсібін Жамбыл өңірінде жүзеге асырады

Аталған бастама еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау және жемқорлықтан қорғау шараларының бірі.

Енді «Alima DELUXE» компаниясы өзінің кәсібін машина құрылысы және робототехника саласы бойынша Жамбыл облысы аумағында жүзеге асыратын болады. Бүгінгі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен 26 келісімшартқа отырған. Келісімшарттың жалпы көлемі 350 миллиард теңгеден асады.

          

Жамбыл облысы