Әлем • 18 Ақпан, 2020

Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтіледі

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 17 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делиде Дж. Неру атындағы Университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтіледі

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның Дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі мен еңбектерімен таныстырды.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шара әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.