12 Тамыз, 2013

Сенімге селкеу түсірмеймін

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

изоражение1 006Орта мектепті бітірген соң, еңбек жолымды шаруа қожалығында қатардағы жұмысшы болып бастадым. Елмен етене араласып жүріп халықтың кімге, қалай сенім артатынын көкейі­ме түйе жүрдім. Кербұлақ ауданындағы Қарашоқы ауылдық округ әкімі лауазымына сайлауға түскенімде, сол құндылық бір сәт те есімнен шықпады. Нақтылай түссем, Д.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп, 2005 жылы Кербұлақ аудандық сотында жетекші маман, 2006 жылдан аудан әкімі аппаратында заңгер, ұйымдастыру, кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы жұмыстарын істедім.

Бүгінгі таңда Қарашоқы ауылдық округінде 2476 адам тұрады. Сауда орны, диірмен, мәдениет үйі, мектеп, дәрігерлік емхана, мешіт, балабақша, шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетеді.

Ауыл орталығындағы балабақша ғимараты бұрынғы қалпында сақталған. Сонымен қатар, ұжым қарамағында мәдениет үйі тұрақты жұмыс істейді. Басты міндетім барды бағалаумен шектелмей өзіме сенім артқан халықтың тұрмысын жақсартқан үстіне жақсартып, әлеуметтік тұрғы­дан қолдау көрсету. Мемлекеттік бағдарла­маларға сай тартылатын инвестиция өз алдына. Мүмкіндіктерді саралай отырып, осы ауылдық ок­руг­­тен шыққан аза­мат­тардың бастарын қо­сып ауылдарға ше­телдік инвестиция тар­ту­ды да ойлас­тырудамын. Сол игілік­тің барлығының заңнама талабына сай іске асырылуын заңгер ретінде мұқият қада­ғалаймын.

Ауылдық округтер әкімдеріне қаражат әкелу мүмкіндігі берілгені өте жақсы бол­ды. Енді сол қаражатты ел сеніміне сел­кеу түсірмей, қажеттіліктерін өтеуге жұмсау­дың үлкен сын екенін біздер, әкімдер білуіміз керек. Мұны жергілікті өзін-өзі басқаруға туғызылған зор мүмкіндік деп, ауызекі тілде айтып, сан түрлі құжаттарды қопарыстырып отырмай нақты іске көшу міндет. Сол міндетті тұрғылықты халықпен келісе отырып, өзгелерге үлгі тұтатындай деңгейде жүзеге асырамын деп ойлаймын.

Азамат НҰРҒАЛЫМ,

Қарашоқы ауылдық округінің әкімі.

Алматы облысы.

Кербұлақ ауданы.

Соңғы жаңалықтар