12 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KEGOC ұлттық электр желілерін жаңғыртуды жалғастырады. Қазірге дейін компанияның 9 кіші стансасында ірі габаритті жабдықтар ауыстырылған, енді 55 кіші стансада ескірген жоғары вольтті жабдықтарды ауыстыру көзделіп отыр.

 

 

KEGOC ұлттық электр желілерін жаңғыртуды жалғастырады. Қазірге дейін компанияның 9 кіші стансасында ірі габаритті жабдықтар ауыстырылған, енді 55 кіші стансада ескірген жоғары вольтті жабдықтарды ауыстыру көзделіп отыр.

Алматы метрополитенінде мобильді кітапхана жұмыс істей бастады. Ол жұртқа «Жібек жолы» стансасында ағымдағы жылғы 12-19 тамыз аралығында сағат 8.30-дан 18.30.-ға дейін қызмет көрсетеді.

Астанада көп балалы отбасыдан шыққан 47 балаға кеңсе тауарлары мен спорт киімдері берілді. Қазірге дейін тұрмысы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан 312 оқушыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, мектеп формасы, кеңсе тауарлары мен рюкзактар таратылды.

Өскеменде еліміздегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жетінші орталық ашылды. Осыған арналған жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оның ашылуын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын қолдау мақсатында «Даму» қоры өткізгенін атап көрсетті.

Павлодарда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 7 үй салынып жатыр. Олардың жалпы көлемі 49 161 шаршы метрді құрайды.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,

TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар