Үкімет • 19 Ақпан, 2020

Дәулет Батырашев Мануэль да Кошта Андрадемен кездесті

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәулет Батырашевтың Португалия Конституциялық Сотының Төрағасы Мануэль да Кошта Андрадемен кездесуі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәулет Батырашев Мануэль да Кошта Андрадемен кездесті

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған негізгі мақсаттар мен міндеттерге, соның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына назар аудара отырып, қоғамдық-саяси өмірді модернизациялау және Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы туралы хабарлады. 

Өз кезегінде, М.Андраде Қазақстан мен Португалияның сот жүйелері арасындағы ынтымақтастықтың болашағы мен маңыздылығын атап өтіп, ресми Нұр-Сұлтанның мемлекеттің тұрақты дамуына бағытталған саясатын жоғары бағалады және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығаю сенім білдірді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығын мерекелеуге ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, Д.Батырашев португал өкіліне 2020 жылғы 27-28 тамызда Қазақстан астанасында өтетін «ХХІ ғасырдың Конституциясы – құқықтың үстемдігі, адам құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық конференциясына қатысуына шақыруды табыс етті.

Португалияның Конституциялық сотының төрағасы шақыруды ризашылықпен қабылдады және Қазақстан үшін маңызды оқиғаға Португалия тиісті деңгейде қатысуы үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.

Сонымен қатар екі ел арасындағы қалыптасқан қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтіп, М.Андраде Нұр-Сұлтан мен Лиссабон арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтатын Қазақстан Республикасының Португалиядағы Елшілігінің ашылуын құптады.