13 Тамыз, 2013

Оңтүстіктің Сарыағашында үшем дүниеге келді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент-Тройня

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында тұратын Ерғали және Айниса Арыстановтар отбасында үшем – үш қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы «Южный Казахстан» гахеті хабарлады.

Қыздар 14 тамыз күні аудандық ауруханада туылған. Бірақ салмақтары кем болып туылғандықтан, үш күннен кейін аналарымен бірге №1 облыстық перинаталды орталыққа жөнелтілген.

Дәрігерлердің айтуларынша, Айман, шолпан және Айжан есімді нәрестелердің денсаулық жағдайлары қазір жақсы. Олар үйлеріне шығарылғалы тұр. Ал үйлерінде үш бірдей қарындасын күтіп, Дәурен есімді екі жасар ұл жүр.

«Биылғы жылы біздің перинаталды орьалықта 135 егіз дүниеге келді. Ал үшем бірінші рет болып тұр», - дейді жаңа туғандап патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Роза Алдамжарова.

Рас, үшем деген күнде тумайды. Бұл да болса Алланың сыйы шығар.

Бірақ дүниеге үшем келіп жатқан отбасының екі иесі – ерлі-зайыпты Ерғали мен Айниса жұмыссыз екен. Оның үстіне Сарыағашта пәтер жалдап тұрады.

Нағыз көмекті қазір осы отбасы керек етеді.

Мұрат Айтқожа.