Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

«Борышкер» іс-шарасы барысында барлығы 13,572,407 теңге өндірілді

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Интеллектуалдық қиылыстарда 17 құқық бұзушылық аңықталып 15 автокөлік арнайы тұраққа жабылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

«Борышкер» іс-шарасы барысында барлығы 13,572,407 теңге өндірілді

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 894, 895-баптарына сәйкес Ақтау қаласы ПБ ӘПБ әкімшілік практика бөлімшесінің өндірісіндегі соммасы 54 млн. 830мың 411 тенге құрайтын 6186 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы іс-құжаттар мәжбүрді түрде өндіруге жеке сот орындаушыларына жолданып сонын 139 қаулысы 1,329,431 теңге өндірілді. Жеке сот орындаушыларының қаулыларымен 6 автокөлік арнайы тұраққа жабылды.

Ақтау ҚПБ ӘПБ Әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің өндірісіндегі әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлемей жүрген 5 475 құқық бұзушылардың 42 671 404 соммасына тізімі жасақталып, аймақтық полиция инспекторларына, қосалқы күшке және патрульдік полицияға хат-ескертумен тапсырылды.

Сонымен қатар салынған айыппұлдарды уақытында өндіру мақсатында, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 894-бабына сәйкес жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату мақсатында айыппұлды өндiрiп алу уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстау үшiн құқықбұзушының жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгiне 2 млн 471 мың 639 тенге құрайтын 373 қаулы жолданып сонын 99 қаулысы 716,348 теңге өндірілді.

СМС хабарламасы әкімшілік құқықбұзушылардың 6849 мобильдік телефондарына жіберілді. Әкімшілік тәжірибе тобының инспекторларымен 5372 борышкерлердің телефон номерлеріне соғу арқылы ескерту түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Toйота Хайс маркалы автокөлігіне орнатылған «Автопоток» жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенінің базасымен өткізілген профилактикалық іс-шарасы барысында 348 борышкерлерден 2 млн 499 мың 203 теңге  өндірілді.

Сот орындаушылармен, МАЭК,ОТК ,ТВСиК, МУтТ мекемелерімен 5 дөңгелек үстел өткізілді.«Борышкер» іс-шарасы барысында барлығы 13,572,407 теңге өндірілді.