Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Маңғыстауда былтыр онлайн түрде 3 578 көлік тіркелді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда өткен жылы электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде 3 578 көлік тіркелді және 4 749 жүргізуші куәлігі берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда былтыр онлайн түрде 3 578 көлік тіркелді

2018 жылдан бастап Бейнеу аудандық ХҚКО негізінде Мамандырылған сектор жұмыс атқарып бастады, бүгінгі күнге 7 082 қызмет көрсетілді. 2019 жылдан бастап Жаңаөзен қалалық бөлімінде де Мамандандырылған сектор жұмысын атқара бастап, 5 725 қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 желтоқсанында шетел азаматтарына еңбек етуге рұқсат алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге көші-қон орталығы өз жұмысын бастады. Аталған орталықта 2019 жылға 11 202 қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар Филиал қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және сапалы қызмет көрсету мақсатында жүйелі түрде оқыту сабақтары жүргізіліп отырады. Осы бағыт бойынша есептік кезеңде 924 шара өткізілді.

Оның ішінде, мемлекеттік стандарттар мен заңдар бойынша - 586 оқыту семинарлары, мемлекеттік органдармен -284 дөңгелек үстелдер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен күресу бойынша - 54 іс-шаралар өткізілді.

 

Маңғыстау облысы