Абай • 19 Ақпан, 2020

Өскемендегі ШҚМТУ-да Абай жылының ашылу салтанатты өтті

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу орнымызда «21 ғасырдағы Абай» курсы оқытылады.

Өскемендегі ШҚМТУ-да Абай жылының ашылу салтанатты өтті

Бүгін Өскемендегі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Абай жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

абай

Салтанатты шара оқу орының бірінші проректоры Сәуле Рахметуллинаның  құттықтау сөзімен ашылды.

сәуле

«Биылғы жыл - мемлекетіміз үшін ерекше жыл. Ерекше болатыны, ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Бұл мерейлі датаға біздің университетіміз де өз үлесін қосады. Абайдың мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Біздің оқу орнының басты міндеті – Абай мұрасын, еңбектерін ұрпақ санасына сіңіру. Осы орайда университетімізде көптеген жобалар қолға алынуда. Соның бірі – «Адам бол» академиясы. Бұл жоба студенттердің санасын жаңғыртуға бағытталған. Университет түлектері қандай ортада болсын бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Оқу орнымызда «21 ғасырдағы Абай» курсы оқытылады. Бұған университетте ұзақ жыл еңбек еткен абайтанушы Евгений Григорьевтің үлесі зор. Биыл ол кісінің кітабын қайта шығармақ ойымыз бар. Сонымен қатар үлкен ғалым, абайтанушы Ғарифолла Есім мен профессор Шахмардан Әбіловті арнайы шақырып, дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отырмыз» деді ол өзінің құттықтау сөзінде.

нұргүл

Шара одан әрі ән мен күйге ұласты.

күй

ткач

юр

В.Ткач, Ю.Юрочкина, Ж.Бисимбаев секілді өнерпаздар Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым, сәлем, Қаламқас» әндерін әуелетсе, «Байжігіт» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі бірнеше күйді күмбірлетті. 

ӨСКЕМЕН

Суреттерді түсірген Тілеубек ШАЯХМЕТ