13 Тамыз, 2013

Қызылордада автобус жүргізушілері шеруге шықты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автобус-1

Қызылорда қаласында үстіміздегі жылғы 12 тамыз күні таңертең облыстық өкпе аурулары ауруханасы жанындағы №15-бағыттың соңғы аялдамасында жүргізушілер заңсыз ереуілге шықты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы олардың орталық алаңға кеткендерін анықтады.Тексеру барысында қоғамдық көлік жүргізушілері жол полиция басқармасы қызметкерлерінің жұмысына қнаразы екені анықталды. Соңғы кезде қоғамдық көліктердің арасында жол апаттарының жиілеуіне байланысты ЖПБ арнайы рейдтер жүргізген болатын. Көлік бақылау қызметінің бригадирі Асылбек Абдрахманов келіп, жиналған жүргізушілерге іс-әрекеттері заңсыз екендігін түсіндірді. Осы мәселені шешу мақсатында қала әкімінің төрағалығымен жиналыс өтетіндігі айтылып, жиналған жүргізушілер таратылды.

Оқиға барысында заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ .

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар