Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Халық санағы кезінде 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тікелей халық санағын өткізу кезеңінде 2020 жылы уақытша санақ персоналы ретінде (нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер) 32,5 мың адамды жұмысқа тарту және орналастыру жоспарлануда.

Халық санағы кезінде 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ

Жалданатын азаматтарға қойылатын талаптар: 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын болуы қажет. Жұмыс өтілі мен кәсіби біліміне талаптар қойылмайды, планшетпен жұмыс істей білуі керек.

- Санақ персоналымен өтеулі қызмет көрсету шарттары жасалады. Толық көлемде 30 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық кезеңінің интервьюеріне (тіркеушіге) көрсетілген қызметтері үшін 75743 теңге төлеу жоспарланған. Ал толық көлемде 30 күнге қызмет көрсетілген кезде негізгі кезең интервьюеріне (санақтан өткізушіге) көрсетілген қызметтері үшін 94678 теңге, толық көлемде 45 күнге қызмет көрсетілген кезде дайындық және негізгі кезеңдердің нұсқаушы-бақылаушысына көрсетілген қызметтері үшін 113614 теңге төлеу жоспарланған, - деді Маңғыстау облысы «Қоғамдық Коммуникация Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.