Оның айтуынша, өткен жылы 155 елді мекеннің маңы бейберекет тасталған қоқыстан тазартылған. Сондай-ақ, қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол берген Қостанай және Рудный қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері мен 26 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Облыстың бас экологы кейбір аудандарда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын улы химикаттардың қараусыз жатқанына алаңдайтынын жеткізді. Таяуда Денисов ауданында ашық жатқан улы химикат иесіз деп танылып, мемлекет меншігіне өткізілген. Ал Науырзым, Алтынсарин аудандарында табылған зиянды химикаттар жергілікті әкімдіктің күшімен жойылған .
Өңір экологиясына қатысты әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Біріншіден, облыс орталығында биологиялық тазарту стансасы жоқ. Екіншіден, облыстық маңызы бар қалаларда су құбырын тазартатын құрылғылар дұрыс жұмыс істемейді. Оларды жөндеу, жаңарту жұмыстарына былтыр республика бюджетінен 113,8 млн теңге, жергілікті бюджеттен 17 млн теңге бөлінді. 2023 жылға дейін облыс шаһарларындағы су құбырлары толығымен жаңартылады. Одан кейінгі тағы бір мәселе, Қостанайдағы бұрынғы мыс-аммиак зауытынан шығатын өндірістік қалдық жиналатын орын Тобыл өзеніне жақын орналасқан. Қазір оның қоршаған ортаға қаншалықты зиянды екені анықталып жатыр, - деді Талғат Сәбиев.
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ,
Қостанай облысы